Иммиграция туралы 4
Қазір қарасам, кезінде мораль, принцип, ұстаным, құндылық дегендерге қарамаған замандастарым жағдайларын жақсылап жасап қойған екен. Біреуді алдай салу, бұрын ұнатпаған адамның жұмыс ұсынғанын қабылдай салу, кейбір нәрсе дұрыс емес екенін біле тұра, оған көз жұма салу — осындай нәрселерге олар оңай баратын. Немесе біреуді өтірік мақтай салу, жақтай салу — оларға оңай еді.
Осындай қылықтары үшін қаншамасымен ара қатынасымды үзген едім. Олар әлі сондай, мен әлі осындай. Енді оларды өздеріне ұқсайтын адамдар қоршаған, ал мен жан-жағыма қарап, маған ұқсайтын адам көріп тұрған жоқпын. Тым аз сияқты.
Бірақ арым таза, жағымпаз, конформист емеспін. Ақты — ақ, қараны — қара деп айта аламын. Бетім ашық, көңілім жайсаң. Олардың да көңілдері жайсаң болар деп ойлаймын. Мүмкін, заманымыз осындай шығар.
Иә, айтпақшы, бұл өмірде қатып қалған ештеңе жоқ екен. Тек өзгеріс қана тұрақты деуші ме еді? Тура солай екен. Мүмкін, әлгі замандастарым өмірге жақсы бейімделгендердің қатарынан болар, ә?
Сосын ойлаймын: егер мен иммиграцияға кетпесем, мені осындай сұрақтар мен мәселелер мазалар ма еді? Осындай ойлар маған қазіргі жағдайымнан келіп жатыр ма, жоқ әлде бұл — адамның жасына қарай табиғи түрде келетін ойлар ма? Қалай дегенде де, 37-ге келіппін. Қызығы, өзімді әлі де 25-тегідей сезінемін.
Иммиграцияда жүргенде Қазақстанға қайту туралы ойлар жиі келеді. Бірақ қайтқанда мен немен айналысамын? Әлемнің ТОП деген елінде
Бұл жазба 2025 жылы 7 қарашада жарияланған.