2026 жыл
Қаңтар
2025-01-11
Ал иммиграциядағы екінші жылға аяқ бастық.
Бұл жылдың ең басты жаңалығы Қаңтар айының үшінде Еркежан деген қызымыз дүниеге келді. Лос Әнжелістің қақ ортасындағы перзентханада босандық. "-дық" деп жазуым жай емес, бұл жолы перзентханада Розаның жанында болып, қолдау көрсеттім. Баланың кіндігін өзім кестім, атын да өзім қойдым. Айғаным жаңа баланы қалыпты қабылдаған сияқты. Оған енді оның туған бауыры бар екенін, ол да сол сияқты біздің баламыз екенін әлі түсіндіріп жатырмыз. Түсінгендей. Басында сәбидің атын бізден қайта-қайта сұрап жүрді де, кейін жақсылап жаттап алды.
Бүгін барып жинаған ақшасына Айғаным алғашқы Легосын алды. Сұмдық қуанды енді. Тура ойындағыдай шыққан сияқты. Анау-мынау тиындардан шамамен $25 жиналғандай. Өз ақшасына қалаған нәрсесін алған оған ұнаған сияқты.
DJI Mic Mini With 2 Transmitters & 1 Receiver & Charging Case • eBay
Бүгін ертемен менің жаңа DJI Mic Mini деген микрофоным келді. Мен де мәз.
Әлгі IT-де жұмыс табуға көмектесетін маман менің түйіндемемді түзетіп берді. Соған сәйкес Линкединімді де жаңарттым. Арғы күні маманмен ендігі кездесу болады. Енді ақырындап жұмыс іздеуге де кірісу керек.
Ақылы ChatGPT–дан әзірге бас тарттым.